Сайтына қош келдініздер

View the embedded image gallery online at:
https://tpk-tokzhailau.kz/kz/89859467.html#sigFreeIdeb75c2dfd6

 

Колледж миссиясы: «Бәсекеге барынша қабілетті сапалы кадрлар даярлау».

 

Мамандық миссиясы:  «Сапалы білім беру мен тәрбиелеу арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, сапалы кадрлар дайындау».

 

«Тоқжайлау политехникалық колледжі» МКҚК

 

«Тоқжайлау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Алматы облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылында орналасқан.

 

Колледж 1958 жылы құрылып, осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығына мамандар дайындап келеді. Колледж «Бәсекеге барынша қабілетті, сапалы қадрлар дайындау – басты мақсатымыз» деген өзекті мәселемен жұмыс істейді.

 

Абдығалым Құттыбекұлы Қабдылдев 2009 жылдан бастап осы мекемені басқарып отыр.

         

«Тоқжайлау политехникалық колледжі» коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1958 жылы Ауылшаруашылық механикаландыру училищесі ретінде құрылған.

 

Дзержинск атындағы  № 13 кәсіптік-техникалық училищесі   1958 жылы  құрылған.

 

Талдықорған облыстық  Білім департаментінің 11.07.1996 жылғы № 114 бұйрығы бойынша «Дзержинск атындағы № 15 кәсіптік-техникалық мектеп» болып ауыстырылды.

 

Алматы облысы Білім департаментінің 2003 жылғы 13 қаңтардағы № 4 бұйрығы бойынша № 15 кәсіптік мектеп болып ауыстырылды.

 

Алматы облысы Әкімдігінің 2008 жылдың 16 мамыр № 102 бұйрығы бойынша «Тоқжайлау ауылындағы № 15 кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі болып аустырылды.

 

Алматы облысы Әкімдігінің 2013 жылдың 15 мамыр № 138 қаулысына сәйкес «Тоқжайлау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып ауыстырылды.

         

Жалпы жұмысшылар саны – 67. Оқытушылар саны – 24, оның ішінде 7 өндірісте оқыту шеберлері. Жоғары білімі бар – 16, аяқталмаған жоғары – 1, арнаулы орта – 7, жоғары категориялы – 6,  І категориялы –3,  ІІ категориялы – 11, категориясыз – 4

 

Колледжде мынандай мамандықтар бойынша білім береді: 1504000 «Фермер шаруашылығы» оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, 1114000 «Дәнекерлеу ісі» оқу мерзімі 1 жыл 10 ай, 1513000 «Ветеринарлық техник» оқу мерзімі 3 жыл 10 ай, 1513000 «Ветеринарлық санитар» оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, «Фермер шаруашылығы» оқу мерзімі 10 ай. 1508000 «Орман шаруашылығы, бау-бақша және ландшафттық құрылыс»

 

 1 жыл 10 ай, жалпы орта білім негізінде (11 сыныптан кейін) – 25  студент;

 

Біліктілігі: 1508052 - «Орманшы»

 

Мамандығы: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»

 

Біліктілігі:  1304012 «Электрондық есептеу машинасының операторы»  оқу мерзімі 10 ай жалпы орта білім негізінде 25 студент.

 

Білімгерлерді өндірістік машықтанудан өткізу үшін СПК «Тоқжайлау», ТОО Компания «Тау самалы», ТОО «Қаратау - Майбүйрек», ТОО «Қайыңды», КХ «Өлеңді» мен келісім шарт жасалған. Колледждің оқу материалдық базасы жақсы жабдықталған екі қабатты оқу корпусынан, елу орындық жатақхана, 20 кабинет, әдістемелік кабинет, 90 орындық мәжіліс залы, кітапхана, 36 орындық оқу залы, спорт залы, 48 орындық асхана, слесарлық – механикалық, газбен және электрмен дәнекерлеу шеберханалары, токарлық, жөндеу цехтары бар.