«Тоқжайлау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Алматы облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылында орналасқан.

 Колледж 1958 жылы құрылып, осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығына мамандар дайындап келеді. Колледж «Бәсекеге барынша қабілетті, сапалы қадрлар дайындау – басты мақсатымыз» деген өзекті мәселемен жұмыс істейді.

 Абдығалым Құттыбекұлы Қабдылдев 2009 жылдан бастап осы мекемені басқарып отыр.

 «Тоқжайлау политехникалық колледжі» коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1958 жылы Ауылшаруашылық механикаландыру училищесі ретінде құрылған.

 Дзержинск атындағы  № 13 кәсіптік-техникалық училищесі   1958 жылы  құрылған.

Толығырақ...

Колледж әдіскері Қ. Арчабаева 2019 – 2020 оқу жылында облыстық «Үздік әдіскер - 2019» байқауына қатысып, үшінші орынды иеленді.

 

 

Әдіскер... Мамандық?... Қызмет?... Бейімділік?...»

 

Адам бір маман иесі атану үшін өзінің осы өмірде неге бейім екенін байқауы тиіс деп ойлаймын. Себебі сол қызметке деген бейімділігің болса мамандығыңды тауып, әр істің әдіскері атанасың. Мен де өз ісімді тауып, қазыр Алакөл ауданына қарасты Тоқжайлау ауылындағы  Тоқжайлау политехникалық колледжінің әдіскерімін. Бұл қызметке өзімнің көп нәрсеге бейімділігімнің арқасында келдім. Ең алғаш жұмысқа тұрған кезімде «Ең үздік жас маман» байқауында алған І - орын мадақтамасы менің қызметіме деген алғашқы талпыныс болатын. Одан кейінгі «Колледждегі ерен еңбегі  үшін» мадақтамасы қызметімнің алғашқы жемісі деп есептеймін. Түйгенім, мен көпшіл жанмын. Мен өзімнің неге бейім екенімді байқап барып осы жолды, әдіскер болуды таңдадым. Алайда ауылдық жерде жұмыс істегісі келетін жандар аз, жоқ деп те  айтсақ  болады. Өзімнің ауылдық жерде қалғаным, маған ауылдың тыныштығы ұнайды.  Мен ауылға бейіммін. Бірақ мейлі ауыл ,мейлі қала болсын қойылатын талап бір.Ол білім берудің мазмұнын жаңарту.

Көкірегімді тесіп тұрған ой Ахмет Байтұрсыновтың масасындай ызыңдап тыныштықты суйетін ауыл жағдайын соның ішінде болашақ жастарымызға білім беретін оқытушыларды оятып, жаңашылдыққа бейімдеу.

Әдіскер – мұғалімнің жанашыры, қолдаушысы, ақылшысы, ол мұғалімнің нағыз ұстаз болып қалыптасуына бағыт беруші шамшырақ.

Әдіскерлікті мен бейімділікті талап ететін мамандық деп те, қызмет деп те санаймын.

Менің әдістемелік қызметімнің жетістігі оқытушыларымның өзін-өзі тануына ықпал жасау.Әр педагог маман шеберлігін жаңартып өз ісінің шебері атанып жатса мен үшін бұл үлкен мәртебе.Оқытушыларымның заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына бағыт-бағдар беріп қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Дегенмен әдістемелік жұмысты жүзеге асыруда өзінің қиындықтары да бар. Бұл барлығымызда да бар жағдай ол  оқуға қабылдаған білімалушылардай жаңадан жұмысқа келген жас маманның түрлі қабілеттілігі. Біреуі өзі таңдап келсе енді біреулері қажет деп келет. Міне осы орайда мен қызметтің дұрыс жолын таңдап, оң бағыт берем .Өз тәжірибемде  арнайы пән оқытушысы өзінің теорияға емес тәжірибеге жақын екенін түсініп өндірісте оқыту шебері болып ауысқан да болды. Интернет ресурсының тапшылығы бұл да бір қиыншылық. Сол интернет ресурсын дұрыс пайдалана алмау бізді неше жылға артта қалтырады.

Адам тұлғасын колледжім деп алсам, мұғалім мектеп жүрегі демекші оның жүрегі оқытушы, ал сол жүректі дүрсілдетіп соқтыратын да, баяулап соғысын бәсеңдететін де қан тамырлар. Мен өзімді адам бойындағы қан тамырларға балаймын.Себебі бәрін бір –бірімен байланыстырып нәтиже шығаратын ол мен - әдіскер.Адам өзінің бойындағы жылулықты сезінгендей менен де сондай жылулық сезінеді деген үміттемін.

 Авторы: Қ. Арчабаева