Сайтына қош келдініздер

Тәрбие жұмысы

2020 жылдың 03 мен 14 ақпан аралығында Тоқжайлау политехникалық колледжінің Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы М. С. Барлықбаева «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігін өткізді.

«Тоқжайлау политехникалық колледжінде» ұстаздар күніне студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен "Ұстазым ұлағатым, үлгі өнегем" атты концерт өтті.

Тоқжайлау политехникалық колледжінде "Аяулы күз, алтын күз" атты тақырыпта топтар арасында байқау өтті. Мақсаты: өткізіліп жатқан «Арайлы,алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні студенттер санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке , ынтымақтастыққа баулу.

Казақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласында  «Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру  мектеп қабырғасынан  басталуға тиіс. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз  бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады. Төл тарихын білетін,  бағалайтын және мақтан  ететін халықтың болашағы зор болады. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарасын таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы. Осы жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын»,- деген болатын.