«Тоқжайлау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Алматы облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылында орналасқан.

 Колледж 1958 жылы құрылып, осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығына мамандар дайындап келеді. Колледж «Бәсекеге барынша қабілетті, сапалы қадрлар дайындау – басты мақсатымыз» деген өзекті мәселемен жұмыс істейді.

 Абдығалым Құттыбекұлы Қабдылдев 2009 жылдан бастап осы мекемені басқарып отыр.

 «Тоқжайлау политехникалық колледжі» коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1958 жылы Ауылшаруашылық механикаландыру училищесі ретінде құрылған.

 Дзержинск атындағы  № 13 кәсіптік-техникалық училищесі   1958 жылы  құрылған.

Толығырақ...

Биылғы 2019 - 2020 оқу жылының басында колледждің жас оқытушылары: Р. Артыкова, М. Тореханов, Б. Арчабаев, Р. Кусаинов, М. Барлықбаева, колледж әдіскері Қ. Арчабаеваның жетекшілігімен облыстық «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы» байқауына қатысып, «Жаңашыл колледж» номинациясын иемденді. Бұл байқауға дайындықта тәжірибелі оқытушылар: А. Жомартова, С. Кияшев, Л. Солтанбекованың еңбектері зор екенін айтып өткен жөн. Сондай – ақ қараша айында өткен облыстық "Үздік әдіскер - 2019" байқауына қатысқан колледж әдіскері Қ. Арчабаева үшінші орынды иеленді.

Биылғы оқу жылы жетістікке толы жыл болды