«Тоқжайлау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Алматы облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылында орналасқан.

 Колледж 1958 жылы құрылып, осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығына мамандар дайындап келеді. Колледж «Бәсекеге барынша қабілетті, сапалы қадрлар дайындау – басты мақсатымыз» деген өзекті мәселемен жұмыс істейді.

 Абдығалым Құттыбекұлы Қабдылдев 2009 жылдан бастап осы мекемені басқарып отыр.

 «Тоқжайлау политехникалық колледжі» коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1958 жылы Ауылшаруашылық механикаландыру училищесі ретінде құрылған.

 Дзержинск атындағы  № 13 кәсіптік-техникалық училищесі   1958 жылы  құрылған.

Толығырақ...

Абдығалым Құттыбекұлы 19 наурыз 1964 жылы дүниеге келген. 1984-1987 жылдары,Талдықооған индустриалды-педагогикалық техникум,ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығы, біліктілігі: техник-механик, өндірісте оқыту шебері бойынша бітірген. 2006-2009 жылдары Қазақ қатынас жолдары университетінің экономика мамандығы, экономика бакалавры біліктілігі бойынша оқып аяқтады. 1988 жылдан- СПТУ 13 өндірісте оқыту шебері,ал 1994-2001 жылдары директордың орынбасары қызметін атқарады. 2002-2007 ж- "Компания Тау Самал ЖШС"- ның инженері, 2009 жылы осы мекемеде директордың орынбасары, 2013 жылдан "Тоқжайлау политехникалық колледжі" МКҚК директоры. Марапаттары:2017 жылы УО біліктілікті көтеру "Алматы Менеджмент Университетінің" дипломы. 2013 жылы Аудан әкімінің алғыс хаты,2017 жылы Алматы облысының әкімінің алғыс хаты, 2016 жылы Қазақстан Республикасы және Ғылым Министрлігінің Құрмет граматасы мен марапатталды.
Осы уақытқа дейін колледж отыз мыңнан астам ауыл шаруашылығы мамандарын даярлап шығарды. Білімгерлерге білім беруде оқытушылардың атқаратын қызметтерінің маңызы өте зор. Облыстық түрлі байқаулар,семинарлар, ғылыми жарыстар, әр түрлі отырыстар өткізіледі. Колледж оқытушылары обылыстық байқауларға қатысып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.